Опера әншісі Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды
Опера әншісі Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды
Опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы NewsRoom+тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында "Жеке ән айту" мамандығы бойынша білім алды. "Астана Опера" театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
Опера майталманы Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарланған