Жаңалықтар

Қарағандыда мотоцикл жүргізушісі полиция көлігімен соқтығып қаза тапты

3 тамыз күні сағат 07:30 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолының бойында, Қарағанды қаласынан бір шақырым жерде жол апаты болды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жүргізушісі алдында тұрған арнайы көлік – Kia Sportage-пен соқтығысқан. Апат салдарынан 42 жастағы мотоцикл иесі оқиға орнында көз жұмды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.