Заң және тәртіп

Педофилдерді босатпас бұрын тексеру талабы күшейеді

Қазақстанда педофилдерге қолданылатын химиялық кастрация тәртібіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі көтерген.

«Жобаға сәйкес, химиялық пішу жаза мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда жүргізілуі мүмкін. Ал бұл шараны қолдану туралы материалдарды мекеме әкімшілігі сот-медициналық сараптама тағайындау үшін жазасын өтеушінің мерзімі аяқталуға 12 ай қалғанда сотқа жолдауы тиіс», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Құжатта бұл талап қандай санаттағы сотталғандарға қатысты қолданылатыны нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ іріктеу өлшемдері де ашық жарияланбаған.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға қолданылады.