Шымкенттегі 26 жастағы қыздың өлімі: күдікті ұсталды
Шымкентте 26 жастағы қала тұрғынының өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 жастағы қызды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, — делінген ресми мәлімдемеде.
Марқұмның денесі полицияға арыз түскеннен кейін келесі күні табылған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Полиция департаменті әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратуға болмайтынын еске салды. Бұл үшін заң алдында жауапкершілік көзделген.