Жалған ақпарат жарға жығады!..
Жалған ақпарат жарға жығады!..
Цифрлық дәуірде ақпараттың таралу жылдамдығы орасан. Бір мезетте мыңдаған адамға жететін деректер ағынының ішінде шынайы мәліметтермен қатар жалған, бұрмаланған, арандатушылық сипаттағы ақпараттар да көптеп кездеседі. Мұндай жалған ақпарат қоғамда дүрбелең туғызып, азаматтардың санасын улайды, қоғамдық тұрақтылыққа зиян келтіреді. Сондықтан жалған ақпаратқа қарсы тұру – қазіргі қоғам үшін аса өзекті мәселе.
Қазақстанда бұл бағытта заңнамалық және практикалық шаралар қабылдануда. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Байланыс туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарда жалған ақпарат таратуға тыйым салынған. Сонымен қатар, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерде қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін немесе азаматтардың ар-намысына нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілік көзделген.
Алайда тек жазалау жеткіліксіз. Ең тиімді жол – азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру. Әр адам кез келген мәліметті сыни тұрғыда қабылдап, дереккөздің сенімділігін тексере білуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары, журналистер мен блогерлер де өз кезегінде жауапкершілік танытып, тексерілген әрі шынайы ақпарат таратуды әдетке айналдыруы тиіс.