«Үндістанның Ресеймен не істейтіні мені қызықтырмайды. Екеуі бірігіп өздерінің өлі экономикаларын құлдырата берсін, оған бас қатырар жайым жоқ. Біз Үндістанмен іскерлік байланыс орнатпаймыз – олардың кедендік тарифтері әлемдегі ең жоғары деңгейде», – деді Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ 1 тамыздан бастап АҚШ Үндістаннан келетін тауарларға 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұған себеп – Вашингтон Нью-Делидің Ресейден мұнай мен қару-жарақ сатып алуды жалғастыруына наразы.
Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 129 млрд долларға жеткен.