Жаңалықтар

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопесті Астанада қалай күтіп алды?

Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес 1 тамызға қараған түні Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына ұшып келді,- деп хабарлайды newsroom.kz

2025 жылдың 8 шілдесінде Дженнифер Лопес кейінгі 6 жылдағы алғашқы гастрольдік сапарын бастады. Up All Night бағдарламасы аясында Джей Ло Астана 1 тамыз мен Алматыда 10 тамыз концерт береді.

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 25 мыңнан астам көрермен келеді. Соған байланысты қалада жол қозғалысы шектеліп, уақытша қолайсыздықтар туындайды. Музыкалық кештің қауіпсіздігін 1300-ге жуық полицей қамтамасыз етеді.