Әлем

АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады

Калифорнияда АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшағы құлады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Толығырақ

Калифорния штатындағы Лемур базасында F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ алқапқа құлаған. Ұшқыш аман қалып, құтқарылды.

Тергеу

Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

"Ұшқыш сәтті ұшып шықты. Қызметкерлер арасында басқа зардап шеккендер жоқ", - делінген база басшылығының мәлімдемесінде.

Айта кетелік, қаңтар айында F-35 жойғыш ұшағы Аляскада техникалық ақауға байланысты құлаған, ұшқыш тірі қалған. Ал ақпанда EA-18G Growler әскери ұшағы Сан-Диего шығанағына АҚШ ӘТК базасына жақын маңда құлады.