Ал шетел валютасындағы салымдар, керісінше, 3,8%-ға қысқарып, 9,1 трлн теңгеге дейін төмендеген. Соның нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 22,9%-дан 21,6%-ға дейін азайды.
Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 2,4%-ға ұлғайып, 23,5 трлн теңгеге жетсе, заңды тұлғалардікі 0,9%-ға өсіп, 18,7 трлн теңгені құрады.
Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Банктік емес заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме — 15,4%, ал жеке тұлғалардың теңгемен салған депозиттері бойынша — 14,2% деңгейінде сақталды.