Жаңалықтар

Алматыда 14-қабаттан құлаған студент қыз көз жұмды

30 шілде күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті 14-қабаттан құлап, қаза тапты.

Оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, мұндай қадамға отбасылық жағдайлар себеп болуы мүмкін", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция өкілдері жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.