Қаржы

Доллар 550 теңге: Ұлттық банк теңге бағамына байланысты интервенция жүргізе бастады

30 шілдедегі сауда-саттық барысында доллар бағамы 550 теңгеге жетіп, ұлттық валюта ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреген. Осыған байланысты Ұлттық банк валюталық интервенцияларға кіріскенін хабарлады.

«Валюта нарығындағы өтімділік деңгейінің төмендігі мен алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты Ұлттық банк интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Қаржы реттеушісінің мәліметінше, әлемдік мұнай бағасы 70 доллардан жоғары деңгейде тұрақты сақталып отыр, ал жаһандық нарықта доллар бағамы әлсіреп келеді. Сондықтан қазіргі теңге бағамының әлсіреуі ішкі немесе сыртқы экономикалық негіздерге сай келмейді және ұлттық валютаның тым төмен бағаланып отырғанын көрсетеді.

«Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Қажет болған жағдайда айырбас бағамының тұрақтылығын сақтау, валютаға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру және нарықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдауға дайын», – деді реттеуші өкілдері.