Оның айтуынша, ЦСКА келісімшарт бойынша Зайнутдиновты қайта сатқан жағдайда пайдадан 15% үлес алуы тиіс болған. Алайда «Бешікташ» ойыншыны ЦСКА-дан 2023 жылы 5 миллион еуроға сатып алғанымен, «Динамодағы» қазіргі трансфер сомасы тек 2,8 миллион еуроны (бонуспен қоса есептегенде) құрайды. Яғни түркиялық клуб 2,2 миллион еуроға шығынға ұшырап отыр.
Сәйкесінше, Зайнутдиновтің жаңа трансферінен түсетін табыстың барлығы «Бешікташтың» өзінде қалады.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында ойнап жүргенде, командамен бірге 2022/2023 жылғы маусымда Ресей Кубогын жеңіп алған. Бүгін мәскеулік «Динамо» оның «Бешікташтан» ресми түрде өткенін хабарлады.