Аттракционға мінбей тұрып қосылып кеткен: 11 жасар қыз ауыр жарақат алды
Алматыдағы ойын-сауық саябағында 11 жастағы қыз бала басынан ауыр жарақат алып, миы шайқалды. Оқиға 5 шілде күні «Family парк» аттракциондарының бірінде болған.
Halyqstan деренінше, қыз «Вальс» аттракционына мінбек болған сәтте кабина кенет айналып кетіп, бала темір құрылғыға басымен соғылған. Салдарынан ол құлап, есінен танып қалған. Дәрігерлер оған екі рет ота жасап, бірнеше тігіс салған.
– Қызым қанға малынып жатты. Қайғылы жағдай болғанына бір айға жуықтаса да, парк әкімшілігі әлі күнге бір мәрте хабарласып, жағдай сұрап, кешірім де айтқан жоқ. Ешқандай жанашырлық та, қолдау да болған жоқ, – дейді анасы.
Жағдайды Сенат депутаты Жанна Асанова жеке бақылауына алған. Оның айтуынша, мұндай оқиғалар жиілеп барады, ал ата-аналар әкімдіктер мен ойын-сауық орындарынан еш көмек ала алмай отыр. Бұған қоса, Қазақстанда осындай жағдайларда кінәлі тараптың жауапкершілігін нақтылайтын жүйе жоқ, бұл тергеу жүргізуді қиындатады.
Алматы полициясы ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша іс қозғаған. Қазір арнайы сараптамалар тағайындалған.
Алайда заңгер Мәдина Аскенова сараптама нәтижесінің әділеттілігіне күмән келтіреді. Себебі оқиға болғанына біраз уақыт өтіп, аттракцион жөндеуден өтіп қойған.
Қыз балаға ұзақ оңалту емін алу қажет. Қазірше, кінәлілердің жауапкершілігі мәселесі шешілген жоқ.