Жаңалықтар

Анкара Тоқаевты қалай қарсы алды: Президент ресми сапармен Түркияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Оны Анкарадағы Эсенбога әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жеке өзі қарсы алды.

Құрметті қарауыл сап түзеп, қонаққа құрмет көрсетілді.

Президент Тоқаев Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.

– Сіз арнайы келіп қарсы алғаныңыз – мен үшін зор құрмет. Қазақстан мен Түркия арасында ешқандай келіспеушілік жоқ. Екі елді достық қана емес, өзара тиімді әріптестік те байланыстырады. Ертең маңызды келіссөздер өтеді, – деді Мемлекет басшысы.

29 шілдеде қос елдің көшбасшылары қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін нығайту мәселесін талқылайды.

Анкара көшелеріне Тоқаевтың құрметіне баннерлер ілінді.

Қысқа әңгімеден соң қос президент Эсенбога әуежайынан ел астанасына бір көлікпен бет алды.

Тоқаевқа көрсетілген мұндай ілтипат – ерекше. Ердоғанның шетелдік әріптестерін әуежайда жеке қарсы алуы сирек кездесетін жағдай.