Пәкістанда сұмдық жауыннан 279 адам қаза тапты
Маусым айының соңында Пәкістанда муссондық жауын-шашын маусымы басталғаннан бері болған нөсер жаңбырлар мен соған байланысты орын алған төтенше жағдайлар салдарынан кемінде 279 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, 1,5 мыңнан астам ғимарат бүлінген, жүздеген адам эвакуациялануға мәжбүр болды. Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келді.
Есепке сәйкес, ең көп адам шығыны Шығыс Пенджаб провинциясында тіркелген — 151 адам қаза тауып, 536 адам жарақат алған.
Солтүстік-батыстағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында — 64 адам қаза тауып, 80 адам жарақат алған.
Қаза тапқандар туралы ақпарат Синд, Белуджистан және Гилгит-Балтистан провинцияларынан да түскен.
Айта кетелік, Пәкістанда муссон маусымы әдетте маусымнан қыркүйекке дейін созылады. Бұл кезеңде жауатын мол жаңбыр ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды болғанымен, жиі тасқындар мен табиғи апаттарға себеп болады.