Алакөлде сұмдық жағдай: катер зейнеткер әйелді қағып, өлтірді
Алакөл көлінде демалып жүрген 63 жастағы әйелді катер қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Әйел жағадан шамамен 100 метр қашықтықта жүзіп жүрген,- деп хабарлайды newsroom.kz
Абай облысының Полиция департаменті ұсынған деректерге сәйкес, аталған фактіге байланысты көлік құралдарын, атап айтқанда, су көлігін басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабымен (ҚР ҚК 344-бабы, 2-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды.
Катерді басқарған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға байланысты қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.