Білім

Жаңа оқу жылының демалыс кестесі бекітілді

Оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ал білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Каникул кезеңдері:

• Күзгі демалыс: 27 қазан – 2 қараша (7 күн)

• Қысқы демалыс: 29 желтоқсан – 7 қаңтар (10 күн)

• Қосымша демалыс (1-сыныптар үшін): 9 – 15 ақпан (7 күн)

• Көктемгі демалыс: 19 – 29 наурыз (11 күн)