Әлем

Түркиядағы орман өрті: 1700 адам эвакуацияланды

Түркияның солтүстік-батысындағы орман өртіне байланысты 1700 адам қауіпсіз жерге көшірілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өрт 3000 гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 2 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Билік адамдарды қауіпсіз аймақтарға көшіруге бұйрық берді.

Түркияда қалыпты ыстықтан шыққан 84 белсенді өрт бар. Кейбір аудандарда ауа температурасы 50 градустан асқан.

Сондай-ақ, 300-ден астам үй бүлініп, қираған. Измир мен Билежик провинциялары апат аймағы деп жарияланды. Туристік қала Анталияда эвакуация жүріп жатыр.

Айта кетелік, табиғи апаттың салдарынан 14 адам қаза тапты, оның 11-і – құтқарушылар мен орман шаруашылығы қызметкерлері.