Камбоджада 30 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті
Таиландпен шектесетін Камбоджаның Оддар Минчей провинциясында екі ел арасындағы шекаралық қақтығыстың күшеюіне байланысты 30 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысының орынбасары Стефани Тремблей елдер арасындағы шиеленіске түсініктеме бере отырып, РИА Новости агенттігінің сұрағына жауап беріп, Таиландта 131 мыңнан астам, Камбоджада 4 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткенін айтты.
Айта кетелік, 24 шілде күні таңертең Оддар-Мёнг провинциясындағы даулы шекара аймағына жақын жерде Камбоджа-Таиланд шекарасында қарулы қақтығыстар болды.