Жаңалықтар

4 мың жылдық көне суреттер бейнеленген қабырға табылды

Перудің астанасы Лима қаласының маңынан археологтар көне өркениетке тиесілі ерекше қабырға тапты. Мамандардың айтуынша, оған салынған суреттердің жасы шамамен 4 мың жыл.

Қабырғадан балық, жұлдыз және өсімдіктер бейнеленген суреттер анықталған. Кескіндерде сары мен көк түстердің ізі жақсы сақталған. Жәдігердің ұзындығы шамамен 5 метрді құрайды.

Ғалымдар бұл жаңалық ежелгі мәдениет туралы бұрын беймәлім болған маңызды деректерді ашуға көмектеседі деп отыр.