Ердоған Ыстамбұлға Путин мен Трампты шақырып көрмек
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлға Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трампты шақырып көрмек. Бұл туралы Reuters жазып отыр.
«Біз осы аптада Владимир Путинмен және Дональд Трамппен Ыстамбұлда кездесу өткізуді талқылау үшін келіссөз өткізуіміз мүмкін», — деген Түркия президенті.
Бір айта кетерлігі, Режеп Тайып Ердоған 18 шілдеде Владимир Путинмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған.
Ал АҚШ пен Ресей президенттері биыл 6 рет телефон арқылы сөйлескен. Бұған дейін Дональд Трамп Путинді «есінен адасты» деген.