Үндістандағы қайғылы оқиға: Мектеп шатыры құлап, 7 бала қаза тапты
Үндістанның солтүстік-батысындағы Раджастхан штатында бастауыш мектептің шатыры құлап, жеті бала қаза тапты.Қайғылы оқиға Джалавар ауданындағы мемлекеттік мектепте балалар сабақта болған кезде болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиға салдарынан үйінді астында бірнеше ондаған бала қалған. Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер мен қаза тапқандар табылды. Түрлі дәрежеде жарақат алған көптеген балалар ауруханаға жеткізілді.
Айта кетелік, Үндістанның батысындағы Раджастхан штатында мектеп төбесі құлап, кем дегенде төрт бала қаза тауып, 17-сі жараланды.
Мәліметтер бойынша, үйінділер астында әлі де ондаған оқушы болуы мүмкін.