Доллар күрт өсуде: 540 теңгеден асып кетті
23 шілдедегі күндізгі сауда сессиясында доллар бағамы 540 теңге межесінен асып түсті. Сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 1 долларға 538,64 теңге болды.
KASE мәліметінше, күн ішінде доллар 535,36 теңгеден 540,5 теңгеге дейін саудаланған. Орташа бағам бір тәулікте 6,21 теңгеге өсіп, өткен аптада басталған қарқынды қымбаттау жалғасты. Бірақ соған қарамастан, сауда көлемі азайған.
Ұлттық банк белгілеген ресми курс 23 шілдеде 531,96 теңге болды. Бұл – тарихи максимумға (532,7 теңге) өте жақын.
Доллардың өсуі үкімет басшысы Олжас Бектенов келесі жылғы республикалық бюджетте доллар бағамы 540 теңге деп жоспарланып отырғанын мәлімдегеннен кейін үдеді.