Жаңалықтар

Алматының бір көшесіне Денис Тен аты берілмек

Мәнерлеп сырғанаушының есімі Бостандық ауданындағы көшелердің біріне берілмек. Әкімдік ұсынысты мәслихаттың қарауына жіберген.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда кісі қолынан қаза тапқан еді. Спортшыны көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлер пышақтап кеткен. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, көп қан жоғалтқан спортшы көз жұмған.