Астанада ер адам кішкентай қыздарға шабуыл жасады
Астанада белгісіз ер адам дүкенге шыққан екі кішкентай қызға тиіспек болған. 12 және 2 жастағы әпкелі-сіңлілі қыздар үй жанындағы дүкеннен қайтып келе жатқанда, мас күйінде болған күдікті үлкен қыздың қолынан тартып, оған тиісе бастаған.
«Не молчи» қорының мәліметінше, ер адам қыздың мойнынан сүйіп, денесіне қол жүгірткен. Сондай-ақ, ол екі жастағы сіңлісіне де жақындамақ болған. Бірақ үлкен қыз қарсыласып, сіңлісін көтеріп алып, айқайлап қашып үлгерген.
Оқиға куәгері болған көршілер күдіктіні қашып бара жатқан жерінен ұстап, полиция келгенше ұстап тұрған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр: бейнебақылау жазбалары тексерілуде, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Ер адам ұсталды, оның әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі.