Әлем

Ресей Жоғары сотының төрайымы қайтыс болды

Мәскеуде Ресей Жоғарғы сотының төрайымы Ирина Подносова 71 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Жақындарының айтуынша, ол ауыр науқастан көз жұмған.

2024 жылғы 4 сәуірде Ресей президенті жанындағы комиссия Подносованы Жоғарғы сот төрайымы қызметіне лайық деп тапқан болатын. Ол бұл лауазымға тағайындалған алғашқы әйел еді.