Рактың барлық түріне қарсы әмбебап вакцина жасалды
Флорида университетінің зерттеушілері иммун жүйесінің ісікке қарсы күресін айтарлықтай күшейтетін тәжірибелік вакцинаны жасап шығарды. Бұл екпе нақты бір қатерлі ісік түріне емес, кез келген ісікке қарсы бағытталған.
Ғалымдар әзірлеген әмбебап мРНҚ-вакцина ағзадағы иммун жасушаларына бірігіп, ісік атаулыны жою туралы бұйрық береді. Алғашқы сынақтар мұндай тәсілдің ракпен күресте тиімді болуы мүмкін екенін көрсетті.
«Бұл жаңалық – онкологиялық вакциналардың жеке науқастың ағзасындағы ісікке бейімделе отырып, иммун жүйесінің сезімталдығын арттыруға мүмкіндік беретін әмбебап құралға айнала алатынын дәлелдейді», – дейді зерттеушілер.