22 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде аптап ыстық сақталады
"Қазгидромет" РМК дерегінше, 22 шілде, сейсенбі күні ел аумағының көп бөлігінде күн ашық, ал кейбір аймақтарда 39-41 градусқа дейін ыстық күтіледі.
🔹 Астана – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.
🔹 Алматы – Аспанда аздаған бұлт жүреді, жауын жоқ. Жел 3-8 м/с. Түнгі ауа райы +20…+22°C, күндіз +34…+36°C.
🔹 Шымкент – Бұлтты, жауынсыз. Жел 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +24...+26°C, күндіз +38…+40°C.
🔹 Ақтау – Ауа райы ашық, жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-12 м/с. Түнде +25...+27°C, күндіз +33...+35°C.
🔹 Ақтөбе – Күн бұлтты, жауынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32…+34°C.
🔹 Атырау – Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 7-12 м/с. Түнде +25…+27°C, күндіз +34…+36°C.
🔹 Жезқазған – Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.
🔹 Қарағанды – Аспанда бұлт жүреді, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел 5-10 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.
🔹 Көкшетау – Бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +26…+28°C.
🔹 Қонаев – Ауа райы ашық, жауын-шашын жоқ. Жел 9-14 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
🔹 Қостанай – Күн бұлтты, жауынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +30…+32°C.
🔹 Қызылорда – Аспан ашық, жауын-шашын жоқ. Таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде +23...+25°C, күндіз +39…+41°C.
🔹 Павлодар – Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +22…+24°C.
🔹 Петропавл – Бұлтты, түнде найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +23…+25°C.
🔹 Семей – Ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с, екпіні 15 м/с. Түнгі температура +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.
🔹 Талдықорған – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.
🔹 Тараз – Бұлтты, жауын жаумайды. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +37…+39°C.
🔹 Түркістан – Күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде +21...+23°C, күндіз +39...+41°C.
🔹 Орал – Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел 9-14 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +28...+30°C.
🔹 Өскемен – Бұлтты, жауынсыз. Жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +24…+26°C.
📍 Кейбір өңірлерде аптап ыстықпен қатар желдің күшеюі мен шаңды дауылдар да күтіледі. Сақтық шараларын естен шығармаңыз!