Сұмдық! Оңтүстік Кореяда су тасқынынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті
Оңтүстік Кореяда өткен аптада жауған нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны 18-ге жетті. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Дүйсенбі күні таңертеңгі мәлімет бойынша, 18 адам қаза тауып, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалған.
Бұған дейін 14 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. 14 мың адамның эвакуацияланғаны атап өтілді.
Оңтүстік Кореяның Ұлттық метеорологиялық агенттігінің болжауынша, дүйсенбі күні таңертең Чолланамдо, Кёнсаннамдо провинцияларында және Чеджу аралында жауын-шашын көбейеді.