Технология

Жапония құтқару жұмыстарына арналған үш метрлік гуманоидты робот жасайды

Жапонияның ең ірі университеттерінің бірі жеке компаниялармен бірігіп, соңғы гуманоидты роботтарды бірлесіп әзірлемек. Олар апатты жою және құтқару жұмыстарында қолданылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, роботтардың биіктігі үш метр, салмағы 300 келі болады.

"Мұндай роботтар 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 100 келіден асатын салмақты көтере алады. Алып гуманоид роботтардың негізгі міндеті Жапония тұрақты түрде бетпе-бет келетін жер сілкінісі мен басқа да табиғи апаттардан кейінгі қоқыстарды тазарту болмақ", - деп жазады агенттік.

Сынақ үлгісі 2026 жылдың соңына дейін дайын болады, ал жаппай өндіріс 2029 жылға дейін іске қосылады деп жоспарлануда.