Өзбекстанда пластмасса шығаратын зауыт өртенді
20 шілде күні сағат 11:03-те Ташкенттің Сіргелі ауданындағы пластмасса шығаратын зауыттардың бірінде өрт шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сүйенсек, өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде, Өзбекстан уақыты бойынша сағат 11:09-да жеткен. Өрт 11:36-да оқшауланып, 11:45-те толығымен сөндірілді.
Ведомствоның мәліметінше, жағдай толық бақылауда.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.