Австралияда ұшақ жантүршігерлік апатқа ұшырады
Австралияның Квинсленд штатындағы Оаки қаласында Reims Cessna F406 шағын ұшағы апатқа ұшырап, екі ер адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Полицияның мәліметінше, ұшақ жерге құлап, өртеніп кеткен. Бұл жоспарлы рейсті орындайтын коммерциялық ұшақ екені атап өтілді.
Австралиялық көлік қауіпсіздігі бюросы (ATSB) қос турбовинтті ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты тергеу жүргізеді.
Қаза тапқандардың жеке басы әлі анықталған жоқ.