Жаңалықтар

Ираннан 1,5 миллионнан астам ауғандық шығарылды

Жыл басынан бері бір жарым миллионнан астам ауғандық мигрант Ираннан шығарылды. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаппай қоныс аудару Израильмен жақында болған қақтығыс кезінде Иран үкіметінің өтініші бойынша орын алды.

Ұйым босқындардың зорлық-зомбылық, азаптау және кемсітушілік қаупі бар екенін атап өтті. Әсіресе әйелдер, балалар, журналистер мен бұрынғы мемлекеттік қызметшілер осал. Сарапшылар елге қайтарудың қауіпсіз әрі ерікті болуы керектігін баса айтып, депортацияны тоқтатуға шақырады.