Мұндай ақпараттың таралуына соңғы кездерде Трамптың БАҚ беттеріне шыққан фотолары себеп. Журналистер мен желі қолданушылары саясаткердің аяғының қатты ісініп, қолының көгергенін байқаған. Ақ үй өкілінің сөзіне сүйенсек, президенттің жүрегі мен бүйрек жұмысына қауіп жоқ, қан ұю нышандары да байқалмаған. Ал аяқтың ісінуі мен қолдың көгеруі сияқты бел-гілерді дәрігерлер 70-ті еңсерген адамдарда кездесетін қалыпты жағдай деп бағалап отыр.
Кэролайн Левитт, АҚШ президентінің баспасөз хатшысы: - Соңғы апталарда АҚШ президенті Дональд Трамптың аяқтарында жеңіл ісіну байқалып, дәрігерлер оны тексерді. Ультрадыбыстық зерттеу аяқтағы қан айналымының созылмалы бұзылуы диагнозын көрсетті. Бұл 70 жастан асқан адамдарда жиі кездесетін зиянсыз әрі кең таралған жағдай. Маңыздысы, терең көктамыр тромбозы да, артериялық ауру да анықталған жоқ. Жалпы президенттің денсаулығы жақсы.