Жаңалықтар

Бішкек циркі жануарларды 2,5 миллион теңгеге сатады

Қырғызстандағы А.Изибаев атындағы цирк жануарларының бір бөлігін сатуға шешім қабылдады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бішкек циркі әдеттен тыс мәлімдеме жасады. Оның басшылығы жануарлардың бір бөлігін жалпы құны 410 мың сомға (шамамен 2,5 миллион теңге) саудаға шығарды.

Жануарлардың тізімі келесідей:

• Түйе, 5 жаста — 90 000 сом;
• Түйе, 4 жаста — 90 000 сом;
• Ешкі, 8 жаста — 20 000 сом;
• Кірпі, 9 жаста — 50 000 сом;
• Ракон, 5 жаста — 50 000 сом;
• 4 мысық, 4 жаста — әрқайсысы 10 000 сом.

Малдың сатылу себебі мен тағдыры әзірге белгісіз. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде сұрақтар туғызды. Пікір қалдырушылар мұндай тәжірибені бірінші рет естіп отырғандарын және жануарларға алаңдап отырғандарын жазады.