Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда толассыз жауыннан 5 мыңнан аса адам эвакуациялануға мәжбүр болды

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр салдарынан төрт адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ведомствоның мәліметінше, толассыз жауған жаңбырдан төрт адам қаза тапты, тағы біреуі із-түзсіз жоғалып кетті, 5 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ең көп құрбан болғандар Чунчхоннам-до провинциясында тіркелді.

Жұма күні таңертеңгі жағдай бойынша 13 қала мен провинциядан 5192 адам үйлерінен эвакуацияланды.

Жалпы 496 мемлекетке, 276 жеке меншікке зиян келтіру фактісі тіркелген.

Жолаушылар паромының екі бағыты тоқтатылды, жеті магистральдық желіде пойыз қозғалысы жартылай тоқтатылды.

Оңтүстік Корея үкіметі апатты жоюға толық көлемде тиісті министрліктер мен ведомстволарды жұмылдырды.

Кореяның метеорологиялық басқармасы Кванджу, Пусан, Ульсан қалаларында тағы 100-200 мм жауын-шашын жауады деп болжап отыр, ал орталық Чунчхон мен Чоллабукдо провинциясында, сондай-ақ Тэгу мен Кёнсанбук-до провинцияларында 50-150 мм жауын-шашын болады.