Үндістанда екі баллистикалық зымыран сынақтан өтті
Үндістан Притхви-II және Агни-I атты қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыранды сәтті сынақтан өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Prithvi-II және Agni-I Үндістанның стратегиялық арсеналының бөлігі болып табылады және жоғары дәлдіктегі соққыларды беруге арналған. Притхви-II салмағы 0,5-тен 1 тоннаға дейінгі оқтұмсықты көтере алады, оның ұшу қашықтығы 250-ден 350 км-ге дейін. Ол зымыраннан жалтару технологияларымен жабдықталған және нысананы басқарудың соңғы жүйесін пайдаланады. Оның қозғалтқышы кеңестік В-755 зениттік зымыранының қозғалтқышы негізінде жасалған (С-75 кешені).
Agni сериялы баллистикалық зымырандар Үндістан Қорғаныс министрлігінің басқарылатын зымырандарды дамытудың кешенді бағдарламасының бөлігі ретінде жасалған. Елде мұндай зымырандардың төрт түрі қызмет етуде. Agni-I-дің ұшу қашықтығы 700 км-ге жетеді.