Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қостанайда дәрігерге шабуыл жасалып, жансақтау бөліміне түсті

Қостанай облыстық ауруханасында дабыл қағарлық жағдай орын алды: күрделі отадан кейін қабылдау бөліміне түскен хирург науқастың соққысына ұшырады.

Қостанайда дәрігерге шабуыл жасалып, жансақтау бөліміне түсті
Фото: runews24

Оқиға туралы журналист Нинель Заблудина хабарлады. Кезекте үшінші тұрған ер адам бірінші болып кіргісі келген. Дәрігер есінен танып, жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Қазір әріптесіміздің жағдайы ауыр. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл — жай ғана тұрмыстық жанжал емес, өмір үшін күресіп жүрген ақ халаттыларға қарсы жасалған қылмыс. Біз әділ тергеуді талап етеміз. Дәрігерге бағытталған әрбір соққы — бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне бағытталған соққы», — деді аурухана өкілдері.

Полиция 34 жастағы облыс тұрғынының ұсталғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары істің мән-жайына байланысты процессуалдық шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау — қазақстандық қоғамда бұрыннан көтеріліп келе жатқан өткір мәселе.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату