Заң және тәртіп

Kaspi Перизат Қайраттың өтінішімен қорына 620 млн теңге аударған

Сот процесі барысында Kaspi Bank-тің заңгері Айдар Ксембаев банк 2024 жылғы 8 сәуірде Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына 620 млн теңге аударғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім Перизат Қайраттың өзі жіберген екі өтініш хатынан кейін қабылданған.

Ксембаевтың сөзінше, кейін қор бұл қаражаттың қайықтар, азық-түлік, жөргек және басқа да қажетті заттарға жұмсалғанын мәлімдеген.

Аталған сома резонанс тудырған сот процесінде аталған ең ірі қайырымдылық аударымдардың бірі саналып отыр.