Жаңалықтар

Киік етінің бағасы белгілі болды

"Киіктерге не болды?" деген сұраққа Ауыл шаруашылығы министрлігі: "Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр"деп жауап берді.

Қазірдің өзінде киік етінің бағасы бекітілді – бір келісі 1600 теңге. Ал батыс өңірде алты ет комбинатыжануардың еті мен терісін қабылдауға дайындалуда. "Охотзоопром" инспекторларынан құралған арнайы бригадалар киікті ұстауға кіріспек.

Қызығы сол – киік етінің құрамына қатысты зерттеу де дайын. Ғалымдар оны ақуызға, темірге және D витаминіне бай өнім деп бағалаған.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты киіктердің тым көбейіп кеткенін айтып, оларды еркін атуға рұқсат беру керек деген ұсыныс жасаған болатын.

«Біз неге сонша арсыздық жасағандай қысыламыз? Бір-екі бас киік жоғалып кетсе, трагедия секілді қабылдаймыз. Ал шын мәнінде бұл – төтенше жағдай!» – деген еді депутат.