Ұлттық қор инвестициядан рекордтық табыс тапты
2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 3,12 трлн теңге көлемінде трансферт бөлінді. Алайда ірі көлемдегі бұл қаражат алынғанына қарамастан, қордың шетел валютасындағы активтері артып отыр.
Ұлттық банк мәліметінше, маусым айының соңында қордың валюталық активтері 60,3 млрд АҚШ долларынажеткен. Бұл — жарты жыл ішінде 1,5 млрд долларға артық деген сөз.
Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, бұл өсімге инвестициялық табыс себеп болған. Алдын ала есеп бойынша, қордың инвестициялық кірісі 4,7 млрд долларды, яғни 7,8%-дықұрады.
Қор қандай бағыттардан табыс тапты?
📌 1,9 млрд $ – акциялардан. Мұны тұрақты корпоративтік табыстар мен жаһандық нарықтағы белгісіздіктің азаюы қамтамасыз еткен.
📌 1 млрд $ – дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларынан.
📌 0,6 млрд $ – дамушы елдердің облигацияларынан.
📌 0,8 млрд $ – алтыннан.
📌 0,4 млрд $ – корпоративтік облигациялардан.
Жарты жылдың ішінде қор мұнайдан 1,8 трлн теңге көлемінде табыс түсірген.
Қордың рөлі қандай?
Мемлекет Ұлттық қорды теңгерімді инвестициялық стратегиямен басқарып келеді. Осы стратегия мен жаһандық нарықтың салыстырмалы тұрақтылығы қор активтерін азайтпай, керісінше арттыруға мүмкіндік берді. Ұлттық қор әлі де бюджетке тірек бола отырып, экономиканың ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететін қаржылық қауіпсіздік буфері қызметін атқаруда.