Әлем

Сұмдық! Түркияда медициналық жабдықтар зауытында өрт шықты

Түркияның Болу провинциясында медициналық құрал-жабдықтар шығаратын зауыт өртенді. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы TRT Haber мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға орнына өрт сөндіру топтары жөнелтілген. Олар өртті белсенді түрде сөндіруде.

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның басқа да мәліметтері әзірге белгісіз.