Қостанайда карта арқылы бағдаршам сигналы мен таймері көрінетін болды
Қостанайда «Яндекс Карталар» қвзметі жаңа мүмкіндікті сынақ режимінде іске қосты – енді кейбір қиылыстарда бағдаршамның қай түсі жанып тұрғанын және таймерді алдын ала көруге болады, деп жазады Digital Businessбасылымы.
Мұндай мүмкіндік Бородин — Жеңіс және Қайырбеков — Амангелді көшелерінің қиылысында қолжетімді.
Бұл қызмет көлікпен жүру уақытын дәлірек болжауға көмектеседі. Болашақта қосымша жүргізушіге бірнеше бағдаршамнан жасыл түспен тоқтамай өтуге мүмкіндік беретін «жасыл толқынға» ілесу үшін оңтайлы жылдамдықты да ұсынатын болады.
Жүйені елдің басқа қалаларында да енгізу жоспарланып отыр.