Жаңалықтар

Сара Назарбаева Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр

Қазақстан Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы агенттіктің ресми сауалына жауап бере отырып, Сара Назарбаеваның Ұлттық госпитальде емделіп жатқанын растады.

Ұлттық госпиталь директоры Асхат Браловтың айтуынша, науқасқа медициналық көмек қолданыстағы стандарттарға сай, тәжірибелі мамандардың бақылауымен көрсетілуде.

Сонымен қатар, ол Қазақстан заңнамасына сәйкес, пациенттің диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу тәсілдері мен нәтижелері дәрігерлік құпияға жататынын еске салды.

– Мұндай ақпарат тек науқастың жазбаша келісімімен немесе заңда қарастырылған негіздер бойынша ғана жария етіледі. Медициналық ұйымдар өз қызметінде этика мен кәсіби жауапкершілік талаптарын басшылыққа алып, дербес медициналық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Ақпаратты жарияламау туралы шешім науқастың жеке өміріне қол сұғылмауын, оны құрметтеуді және емдеу процесіне сыртқы араласудан қорғауды көздейді, – деді мекеме басшысы.