Әзербайжанда жер сілкінісі тіркелді
Әзербайжанның Самух аймағында жер сілкінісі орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы (АМА) жанындағы Республикалық сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпулері Гянджа станциясынан солтүстікке қарай 21 шақырым жерде тіркелген.
Сағат 08:46-да тіркелген табиғи құбылыстың ошағы 14 шақырым тереңдікте болды.
Жер сілкінісі сезілмеді.