15 шілде: валюта бағамы
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша сауда-саттық аяқталды.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 524,24 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,93 теңгеге жоғары.
Ұлттық банктің 14 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 520,93 теңге.
Ал ақша айырбастау пункттеріндегі орташа бағам келесідей:
- Доллар: сатып алу – 523–523,5 теңге, сату – 524–525 теңге;
- Еуро: сатып алу – 608–610 теңге, сату – 612–613 теңге;
- Рубль: сатып алу – 6,55–6,6 теңге, сату – 6,65–6,68 теңге.