Ит үру арқылы 67 адамды өлімнен құтқарып қалды
Үндістанның Манди округіндегі бір ауылда үй итінің дер кезінде үруі 67 адамның өмірін сақтап қалуға себеп болды. Жер көшкінінің алдында ит қатты үріп, елдің назарын аударады. Осы арқылы ауыл тұрғындары дер кезінде қауіптен қашып үлгерген.
Ит үйдің екінші қабатында ұйықтап жатқанда, түн ортасында жаңбыр толассыз жауып тұрған сәтте кенеттен қатты үріп, артынша ұлыған. Иттің дауысынан оянған үй иесі қабырғадан су аққан жарықты байқайды. Қауіп төніп тұрғанын түсінген ол бірден сыртқа жүгіріп шығып, көршілерін ескерткен.
Арада көп уақыт өтпей-ақ ауылға көшкін құлаған. Ауылдың басым бөлігі жермен-жексен болды. Ал ит иесінің ескертуін тыңдап, қауіпсіз жерге кеткендер аман қалды. Ал ескертуді елемеген бірнеше тұрғын әлі де үйінді астында жатыр.