Жаңалықтар

Ресейде найзағайдан 3 адам қаза тапты

Ресейдің Тула облысындағы Бунырево ауылында жағажайда демалушыларға найзағай түсті. Салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде бір бала,- деп хабарлайды newsroom.kz

Куәгерлердің айтуынша, кенеттен найзағай соғып, демалушылар тобына түскен. Олардың үшеуі, оның ішінде 14 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Қалған зардап шеккендер аман қалып, медициналық көмек алды.

Ресейдің Тула облысы бойынша Тергеу комитеті жағажайда найзағай соғуы салдарынан қаза болған адамдардың оқиғасына қатысты процессуалдық тергеуді бастады.