Қазақ тілін білу талабы төмендеуі мүмкін
Азаматтық алу немесе оны қалпына келтіру үшін тапсыратын қазақ тілі, Конституция және тарих пәндері бойынша тестке өзгеріс енгізілмек. Ғылым министрлігі бұл бағыттағы бұйрыққа түзету әзірледі.
Жаңа ұсынысқа сай, ең төменгі шекті баллдар мынадай болмақ:
- мемлекеттік тіл – кемінде 15 балл
- Конституция негіздері – кемінде 20 балл
- Қазақстан тарихы – кемінде 15 балл
Қазір мемлекеттік тілден 36 балл, Конституциядан 9 балл талап етіледі. Тарих бойынша шек өзгермеген.
Бұйрық жобасы 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауында.