Үндістанда ИИ саласына арналған жаңа университет ашылады
Үндістанның Андхра-Прадеш штатында америкалық NVIDIA компаниясының қолдауымен жасанды интеллектке (ИИ) маманданған алғашқы университет ашылмақ. Жоба аясында жыл сайын 10 000 студент оқытылады, 500 стартапқа қолдау көрсетіледі, ал оқу бағдарламаларын жасауға тікелей NVIDIA мамандары қатысады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл бастама Үндістанның ИТ саласына білікті кадр даярлау және ИИ экожүйесін дамыту стратегиясының бір бөлігі болып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, Үндістанның жоғары білім жүйесі теориядан практикаға бағытталып өзгеруде. Nasscom дерегінше, жұмыс берушілердің 78%-ы дипломнан гөрі нақты дағдыны маңызды көреді. Техникалық университеттер бизнеске жақындап, оқу бағдарламаларын жаңартып, практика мен тағылымдамаларды көбейтуде.
Үнді үкіметі бұл реформаларды қолдай отырып, жеке сектордың қатысуымен зерттеу мен инновацияға $12 млрд бөлуді мақұлдады. IIT Delhi сияқты жетекші университеттер бизнеспен әріптестікті күшейтіп, жаһандық технологиялық тізбектерге белсенді қосылуда.
NVIDIA бұл бағытта Тайваньда табысты жобалар жүзеге асырған және Үндістандағы тәжірибеде соны қайталауға ниетті. Жаңа ИИ университеті білім, ғылым және бизнестің тоғысуындағы заманауи модельге айналуы мүмкін.